Филиалдың сынақ орталығы мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес өнімге сынақ жүргізуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген:
Машиналар, жабдықтар және механизмдер
- автокөлік құралдары;
- жүк көтергіш механизмдер мен құрылғылар (автокрандар, шөміштер, грейдерлер, шығырлар, автотиегіштер);
- ауыл шаруашылығы техникасы (дақылдардың жемістерін жинауға және тазалауға арналған машиналар, пішен шапқыштар, көгал шапқыштар, дөңгелекті, шынжыр табанды тракторлар және тіркемелер).
Тамақ өнімдері
- тамақ өнімдері;
- ауыл шаруашылығы өнімдері.
Пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар
- пластикалық құбырлар, полиэтилен құбырлары және т.б.
Құрылыс материалдары
- құрылыс және жол-құрылыс материалдары мен конструкциялары.
Халық тұтынатын тауарлар
- ойыншықтар;
- парфюмерлік-косметикалық өнімдер және тұрмыстық химия тауарлары;
- жеңіл өнеркәсіп;
- балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдер;
- санитариялық-гигиеналық мақсаттағы құралдар (дәретхана қағазы, майлықтар, сүлгілер, қағаз дастархандар, памперстер, төсемдер, жаялықтар, ақ жаймалар, медициналық мақсаттағы өнімдер, дезинфекциялау құралдары және т.б.);
- жеке қорғану құралдары;
- буып-түю ыдысы (бөтелкелер, шыны банкалар, жәшіктер, ағаш, қағаз қораптар) және басқа да халық тұтынатын тауарлар;
- адам терісімен, тамақпен және сумен жанасатын халық тұтынатын тауарлар (ыдыс, шыныдан, фарфордан, металдан, полимерлерден, пластмассадан жасалған бұйымдар, ағаш, қағаз, бір жолғы және т.б.).
Ағаш өңдеу өнеркәсібінің өнімдері
- жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібінің өнімдері.
Филиалдың сынақ орталығының мамандары тамақ, құрылыс және басқа да өнеркәсіп өнімдеріне кәсіби және жедел өндірістік бақылауды жүзеге асырады.