Филиал мамандары қызметтерді ұсынуға дайын:

  • Қазақстан Республикасы мен Кеден одағының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын және техникалық регламенттерін өзектендіру;
  • нарық субъектілеріне анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету;
  • Қазақстан Республикасы ұйымдары стандарттарының жобаларын, сондай-ақ химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортын әзірлеу және оларды бекітер алдында сараптау;
  • стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысу;
  • өнімнің каталог парақтарын (ӨКП) жасау және (немесе) сараптау;
  • Техникалық реттеу мәселелерінде әдістемелік және практикалық көмек.

Филиалдың анықтамалық-ақпараттық қорының (ААҚ) Кеден одағының құжаттарын қоса алғанда, қағаз және электрондық жеткізгіштердегі 20 мыңнан астам нормативтік құжаттары бар. Филиалдың жеке қажеттіліктері үшін де, нарық субъектілері үшін де нормативтік құжаттарды өзектендіруді ААҚ маманы стандарттардың ай сайынғы ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес тұрақты түрде және Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының және стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттардың жылдық көрсеткіштері шыққаннан кейін стандарттар қорын салыстырып тексеру кезінде жылына бір рет жүргізеді. Өзектендіруден өтпеген нормативтік құжаттарды кәсіпорындардың жұмысында қолдануға жол берілмейді.