Тексеру зертханасы өлшеудің келесі түрлері бойынша тексерудің практикалық тәжірибесіне ие:

  • геометриялық шамаларды өлшеу;
  • механикалық шамаларды өлшеу;
  • күш пен қаттылықты өлшеу;
  • қысымды өлшеу;
  • сұйықтықтар мен газдардың шығыны мен мөлшерін өлшеу;
  • физикалық-химиялық өлшемдер;
  • жылуфизикалық және температуралық өлшемдер;
  • оптикалық-физикалық өлшемдер;
  • электрлік өлшеулер;
  • уақыт пен жиілікті өлшеу;
  • радиотехникалық өлшеулер.

Филиалдың метрологиялық қызметі келесі жұмыс түрлері бойынша қызметтерді ұсынуға дайын:

  • өлшеу құралдарын тексеру және сынау жабдықтарын аттестаттау;
  • өлшеу құралдарын жөндеу, баптау және түзету;
  • өлшеулер жүргізу, оның ішінде аса күрделі және дәл;
  • сынақтар жүргізу;
  • сынақ, талдау және өлшеу зертханаларында өлшеулердің жай-күйіне бағалау жүргізу;
  • өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында әдістемелік көмек көрсету.

Филиалдың метрологиялық қызметінде “Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген қажетті эталондық және техникалық база, білікті мамандар бар.